27.07.2022 _ 10:15

Бүгін қазақтың қос ғарышкері - Тоқтар Әубәкіров пен Айдын Айымбетовтың туған күндері

Бүгін қазақтың қос ғарышкерінің туған күні Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров 76 жасқа, Қазақстанның ұшқыш-ғарышкері, Халық қаһарманы Айдын Айымбетов 50 жасқа толды.

Тұңғыш ғарышкеріміз 1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен көкке ұшты. Ғарышта 7 күн 22 сағат 12 минут болды. Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал теңізі аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.