27.07.2022 _ 10:50

Қазақстан Ауғанстан бойынша конференцияға қатысты

Өзбекстанда «Ауғанстан: қауіпсіздік және экономикалық даму» тақырыбында халықаралық конференция өтті. Оның жұмысына Орталық Азия мемлекеттерінің, РФ, АҚШ, ЕО, ҚХР, Үндістан, Иран, Пәкістан, БҰҰ-ның түрлі агенттіктері мен институттарының ресми өкілдері қатысты. Ауғанстаннан Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Амир Муттаки қатысты.

Өз сөзінде ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Талғат Қалиев ауған мәселесіне бірыңғай өңірлік көзқарас, БҰҰ рөлін одан әрі арттыру қажеттігін атап өтті. Елші Қазақстанның Ауғанстанмен сауда және гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтуға дайындығын мәлімдеді.

Қатысушылар Ауғанстанға әлеуметтік және экономикалық проблемаларды еңсеруде көмек көрсету қажеттілігі туралы ортақ пікірге келді.