27.07.2022 _ 14:00

Ел халқының 56%-дан астамы КВИ қарсы егілді

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова инфекцияның ауыр түрлерінің және ауруханаға жатқызудың алдын алудың шарасы - КВИ-ге қарсы вакцинация екенін тағы да еске салып өтті. Вакцинация және ревакцинация инфекциядан қорғаудың жалғыз жолы.

Оның айтуынша, эпидемиологиялық тексеру барысында ауырғандардың 80%-ы егілмеген адамдар немесе 6 ай бұрын егілген адамдар екені анықталды, бұл тағы да КВИ қарсы вакцинацияның қажет екенін растайды. 


«Қазіргі уақытта Қазақстанда халықты вакцинациялау үшін вакцинаның 3 түрі (КазВак, Синофарм, Пфайзер) қолжетімді. Егу пункттерінде вакцинаның 1,5 млн доза қалды. Бүгінгі күні егілуге тиісті ересек тұрғындардың 80%-дан астамы немесе еліміздің барлық халқының 56%-дан астамы КВИ қарсы вакцина алды. І компонентпен 10,7 млн адам, ІІ компонентпен – 10,5 млн адам егілді, тәулігіне 5 мыңнан астам адам егілді. Республика бойынша КВИ қарсы бірінші ревакцинациямен егілуге тиісті  халықтың 69%-дан астамын құрады, 5 млн адам қамтылды, тәулігіне 10 мыңнан астам адам екпе салдырады. COVID-19-ға қарсы ревакцинация алдыңғы вакциналардан кейінгі иммунитетті сақтауға бағытталған», - деді денсаулық сақтау вице-министрі. 


Ол сырқаттанудың көтерілуін ескере отырып, алдын алу шараларын сақтау керек екенін атап өтті.