28.07.2022 _ 08:46

Энергетика министрлігінде Семейде ЖЭО-3 салу мәселесі талқыланды

Семей қаласындағы үшінші Жылу электр орталығын салу құрылысын Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Энергетика министрі Болат Ақшолақовпен және "Самұрық-Энерго" АҚ басшылығының қатысуымен өткен онлайн кездесу барысында талқылады.
Энергетика министрлігінде Семейде ЖЭО-3 салу мәселесі талқыланды

Нәтижесінде ЖЭО-3 құрылысы жобасындағы ТЭН-і түзету туралы шешім қабылданды.
Кездесуде электр энергиясын өндіруді ұлғайту, қосымша электр қуаттарын қамтамасыз ету мәселелері қозғалды. Сонымен қатар электр жабдықтауды оңтайландыру мақсатында Шүлбі ГЭС орталығын салу мәселесі талқыланды.