29.07.2022 _ 10:20

Кемел Нұрсұлу: Әлеуметтік аударымдар қызметкердің жалақысынан ұсталмайды, оны жұмыс беруші төлейді

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қаржы ресурстары жұмыс берушілердің жұмыскерлер үшін, сондай-ақ жеке кәсіпкерлердің және жеке практикамен айналысатын адамдардың өздері үшін төлейтін ең төменгі жалақысының кемінде бір және жеті еселенген мөлшерінен аспайтын табыстың 3,5%-ы мөлшерінде әлеуметтік аударымдар есебінен қалыптастырылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Бас директоры Нұрсұлу Кемел хабарлады.

Бұл ретте әлеуметтік аударымдар қызметкердің жалақысынан міндетті зейнетақы жарналары сияқты ұсталмайды, ол жұмыс берушілердің қаражаты есебінен төленеді.  
Міндетті әлеуметтік сақтандыру ынтымақтастық қағидаттарына негізделген, өйткені барлық жұмыс істейтін азаматтар үшін әлеуметтік төлемдер төленеді, ал төлемдерді тек әлеуметтік тәуекелі бар адамдар ғана ала алады