29.07.2022 _ 11:00

Композиттік қызметтер Бүгінде «бір терезе» қағидаты бойынша көрсетіледі

Мемлекеттік органдарда цифрлық технологияларды дамыту және әлеуметтік төлемдерді тағайындау процестерін сәтті автоматтандыру мемлекеттік қызметтердің сапасы мен халық үшін қолжетімділігін арттыру мақсатында оларды көрсету процестерін оңтайландыруға мүмкіндік берді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Бас директоры Нұрсұлу Кемел хабарлады.

«Бүгінде «бір терезе» қағидаты бойынша композиттік қызметтер көрсетіледі. Мысалы, еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша төлем алу үшін еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін алғаш белгілеген кезде медициналық-әлеуметтік сараптама арқылы жүгінуге болады, жұмысынан айырылу бойынша төлем алу үшін egov.kz порталы арқылы жұмыссыз ретінде тіркелген кезде немесе халықты жұмыспен қамту орталығы немесе enbek.kz электр еңбек биржасы порталы арқылы, ж Жүктілік және босану бойынша төлем алу үшін egov.kz, 1 жасқа дейінгі баланы күту бойынша төлем алу үшін egov.kz порталы немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы жүгінуге болады.