31.07.2022 _ 21:07

Талдықорғанда ІТ хаб құрылып, соның аясында ІТ мектептер ашылады

Талдықорғанда IT Hub құрылады. Соның аясында IT-мектептер ашылмақ. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің Жетісу облысындағы жұмыс сапары барысында айтылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Талдықорғанда ІТ хаб құрылып, соның аясында ІТ мектептер ашылады

Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай кемінде 100 мың білікті IT-маманын даярлау міндетін қойған болатын. Сондықтан жаңадан құрылатын технопарк заманауи құрылғылармен жабықталып, онда тиісті мамандар әзірленеді.

Жалпы IT-нарығының ауқымы жыл сайын артып, сала мамандарына сұраныс көбейіп келеді. Алдағы уақытта  арнайы мектептер ашу жұмысы жанданбақ. Осылайша кадрлық мәселе біртіндеп шешіледі.

Сондай-ақ, министр Талдықорғандағы Полиция департаментінің жедел басқару орталығы жұмысын оң бағалады. Қауіпсіз қаланы қалыптастыруда бейнебақылау камераларының маңызы зор екенін айтты.