Бұл сыртқы және ішкі процестерге де қатысты. Сыртқы процестерге мысал - әскери комиссариаттар. Қызметін кейінге қалдыру үшін студентке, созылмалы ауруы бар науқасқа немесе мүгедектігі бар жігітке анықтама алу үшін ХҚКО-лардың, түрлі ведомстволардың табалдырығын тоздырып, содан кейін барлық комиссияларды дәлелдеу қажет.
«Осы уақыт ішінде біз ресурстарды шақыру, SMS, хабарлама жіберуге жұмсаймыз. Ал бұл деректер басқа мемлекеттік органдарда. Бұл жұмысты бүгінде басқа мемлекеттік органдармен: білім министрлігімен; еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен; Денсаулық сақтау министрлігімен; Бас прокуратурамен сотталғандар бойынша жүргізіп жатырмыз. Жеке кабинетке «Сіз әскерден босатылдыңыз» деген ақпарат келеді.
Технологиялар мүмкіндік берсе де, бүгінде жылдар бойы өзгермей келе жатқан ішкі процестер де бар. Мысалы, келу және шығу уақыты әлі де журналдарға жазылады. Бұл қаншама том. Бірақ қашан кіргеніңді биометриямен тіркеуге болады, бұл деректерді өзгертуге болмайды», – деді спикер перспективалар туралы.