04.08.2022 _ 09:42

Рабатта Қазақстан мен Марокконың көлік-логистика саласындағы ынтымақтастығын дамыту әлеуеті, АХҚО аясындағы жұмыс барысы талқыланды

Қазақстан Елшісі Сәулекүл Сайлауқызы Марокко Корольдігінің Көлік және логистика министрі Мұхаммед Әбдіжәлелмен кездесті.

Елші екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективалары, көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытудың қазіргі әлеуеті, АХҚО шеңберіндегі жұмыс және т.б. мәселелер бойынша  хабарлады.

Өз кезегінде, Министр М.Әбдіжәлел Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытудың, атап айтқанда, туризмнің дамуына және сауда-экономикалық ынтымақтастыққа серпін беретін чартерлік рейстерді ашудың өзектілігін, Алматы-Касабланка тұрақты рейстерін ашу мүмкіндігін одан әрі зерделеу қажеттілігін және тиісті келісімге қол қоюдың маңыздылығын атап өтті.