""Жоңғар-Алатау ұлттық паркінің мемлекеттік инспекторлары жүргізген рейд барысында, Тоқты мемлекеттік табиғи қорығының аумағында "Toyota Land Cruiser Prado" маркалы автокөлігі тоқтатылды. Онымен бірге салонда Испанияның екі азаматы болған", - деп хабарлады ведомстводан.
Автокөлікті тексеру барысында жүксалғыштан Сібір тау ешкісінің екі басы, салмағы 60-62 кг тері мен ет, Mannlicher және Блейзер маркалы екі шетелдік азаматқа тиесілі қару табылды.
"Заттай дәлелдемелер тәркіленіп, Жетісу облысы Алакөл аудандық полиция бөліміне тапсырылды", - деп толықтырды баспасөз қызметі.