04.08.2022 _ 10:33

Ертісте екінші АЭС салу мүмкіндігі Қазақстанда талқылануда

Энергетика министрінің орынбасары Жандос Нұрмағанбетов Қазақстанда тағы бір атом станциясын салу мүмкіндігі туралы айтты.

"Қазақстандағы екінші атом станциясы Ертісте Курчатов қаласының ауданында пайда болуы мүмкін. Егер Қазақстан көміртектік бейтараптыққа жол бастайтын болса, онда бірнеше атом электр станцияларын салудан басқа амал жоқ. Яғни, Ертіс – болашағы зор алаң", - деді министрдің орынбасары.

Бұл мәселе бойынша қазір тиісті талқылаулар жүріп жатыр, деп қосты ол.