08.08.2022 _ 14:56

Елордада Ұлы дала даңғылында жаңа көпір іске қосылды

Бүгін Нұр-Сұлтанда Ұлы дала даңғылындағы жаңа көпір бойынша қозғалыс ашылды.
Елордада Ұлы дала даңғылында жаңа көпір іске қосылды

Елорда әкімдігінде хабарлағандай, Ұлы дала даңғылындағы көпір Мәңгілік Ел даңғылын, А.Байтұрсынов, Р. Қошқарбаев, Нәжімеденов, Nova city ауданы, "Мыңжылдық"аллеясын ішінара жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, жаңа "Нұрлы жол" вокзалының, Тельман және Промышленный тұрғын алаптарының, МЕТРО гипермаркеті ауданының, Жұмабаев даңғылы мен Жүргенов көшесінің қолжетімділігін арттырады.