09.08.2022 _ 13:04

«Жеңіс» жобасы аясында 115 млн теңгеден астам сомаға қайырымдылық көмек көрсетіледі

Биыл ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құны 115 млн теңгеден астам қайырымдылық көмек көрсетіледі.

Бұл туралы Орталық коммункиациялар қызметі алаңында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева мәлімдеді.  
Оның айтуынша, 2022-2023 жылдары волонтерлік рейдтер ұйымдастырылады, көмекке мұқтаж жалғыз басты қамкөңіл қарттарға дәрі-дәрмекпен, азық-түлікпен және басқа да тұрмысқа қажетті заттармен көмек беру жүйесі жүзеге асырылады. Сонымен қатар тұрмыстық техникаға, есту құралдарына зәрулік тәрізді ерекше қажеттіліктерге де назар аударылады. Жастар қариялардың үй-аулаларын тазалап, жөндеп, шай үстінде әңгіме-дүкен құрып, көңілдерін көтереді, жылу сыйлайды. Қарттар үйіне де бару жоспарланған.