10.08.2022 _ 11:20

Қызылордалық "ҚазТрансГаз Аймақ" қызметтердің бағасын 2 есе көтеру арқылы 2,3 млрд теңгені заңсыз тапқан

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның филиалымен газ тасымалдау қызметіне монополиялық жоғары тарифті белгілеп, төлем алып отырған.

       
Тергеу барысында табиғи монополияларды реттеу Комитетінің өңірлік департаментіне белгіленген тарифтерге өзгерістер енгізу туралы ұсыным жасалып, нәтижесінде табиғи газ бағасына тариф төмендетілді.

Нәтижесінде, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Қызылорда филиалымен газ тасымалдауға көрсетілетін қызмет үшін шекті тариф және монополистік бағаларды қолдану кезеңі үшін өтемдік тариф (әрбір 1000м3 көлемге 3 320,45 теңге) белгіленді.

Қызылорда облысының тұрғындары 2022 жылдың 1 тамызынан бастап газ үшін төмендетілген тарифке көшті.