Ұлттық аккредиттеу орталығының әдіснама және нормалау департаментінің басшысы Алмат Орынғалиұлы атап өткендей, хабарландыру сайттарында өнімді сертификаттау, менеджмент жүйесі бойынша қызметтерді заңнамада белгіленген тәртіппен аккредиттеуден өтпеген тұлғалар мен ұйымдар ұсынады.
«Көріп отырғанымыздай, сынақтың дұрыс емес нәтижелерімен, сертификаттау процесі рәсімдерінің бұзылуымен проблемалардың көбі дәл осы импортталатын өнімді не Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген өнімді сынау кезінде кездеседі. Кепілдендірілген сертификаттау, жеңіл сынақтардан немесе кепілдендірілген сынақтардан өту туралы жарнама бар. Қызметтің бұл сипаты сынақ нәтижелерінің сенімділігіне әсер етеді. Мұндай «делдалдардың» көмегін пайдаланатын жосықсыз зертханалардың бар екені сөзсіз, бұл басқа адал зертханалардың жұмысына, олардың кірісіне және жоспарлауға әсер етеді. Бұл тұтынушыларға да өз әсерін тигізуі мүмкін, өйткені өнімнің қауіпсіздігі мәселесі ашық күйінде қалып отыр. Сынақ нәтижелерінің дұрыс еместігі туралы көп жағдайда шағым түскен кезде егжей-тегжейлі талдау жүргізгенде ғана анықталады», - деп атап өтті спикер.
Ұлттық аккредиттеу орталығы аккредиттеудің жосықсыз субъектілерінің жұмысын шектеу үшін барлық мүмкін шараларды қабылдайды. Атап айтқанда, аккредиттеу туралы куәліктер қайтарылып алынады. Сынақ зертханалары мен сертификаттау органдары сәйкессіздік себептері жойылғанға дейін жұмысты тоқтата тұрады.
«Айта кетерлік жайт, сертификаттау органдары немесе зертханалар үшін қазіргі заңнамаға сәйкес, берілген құжаттарды, сынақ есептерін немесе сәйкестік сертификатын қайтарып алу жеткілікті. Алайда, бұл мәселе мәселені түбегейлі шешпейді: сапасыз өнімдер нарықта сатылады. Бүгінде біз жаңғырту аясында бұл мәселені де қарастырып жатырмыз. Сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды берген ұйымдар олардың қорытындысы негізінде сатылған барлық өнімді кері қайтарып алу үшін жауапкершілік жүктелуі үшін заңнамалық реттеу ұсынылады. Бір сертификат негізінде нарыққа 100-150 мың өнім түрі кетеді, ол дүкендер мен супермаркеттерде сатылады, бірақ тұтынушылар үшін қауіпсіз болмауы мүмкін», – деді спикер.
Айта кетейік, 2021 жылдың қорытындысы бойынша сынақ және сертификаттау рәсімдерінің бұзылуына байланысты 7 аккредиттеу субъектісінің аккредиттеу аттестаттары кері қайтарылды; 2022 жылдың жарты жылында - 10.