Әр жылдары мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттарға, қайырымдылыққа және волонтерлік қызметке тиісіті заңнама қабылданды, олар осы бағыттардың дамуына ықпал етті. Волонтерлік туралы бірінші заң 2016 жылы, басқалары сол жылдары қабылданды.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет мәлімдеді. Оның айтуынша, қайырымдылық және волонтерлік ұйымдардың өсу қарқыны байқалады.
«Бизнестің, азаматтардың қайырымдылық және волонтерлік қызметке, әсіресе пандемия кезінде қатысуы жанданды. Оны статистикадан да көруге болады, сондай-ақ бұған 2020 жылды Волонтерлер жылы деп жариялау өз әсерін тигізді. Жүргізілген әлеуметтік зерттеулер халық арасында қайырымдылық көмек көрсету бойынша оң динамиканы көрсетеді. Сонымен қатар қайырымдылық және волонтерлік қызметті ынталандыру жөніндегі шаралар жүйесі көзделген. Алайда, іске асырылып жатқан шаралар мен бастамаларға қарамастан, сарапшылардың пікірінше, әлеуметтік зерттеулер мен құқық қолдану практикасының нәтижелері осы бағыттардың дамуына кедергі келтіретін бірқатар мәселелерді көрсетті. Осыған байланысты Мемлекет басшысының тапсырмаларын, құқық қолдану практикасын, халықаралық тәжірибені қолдана отырып, өткен жылдың ортасында үкіметке осы заңдарға арнайы өзгерістер енгізу туралы ұсыныстардың заң жобасы енгізілді. Оған 4 шілде күні қол қойылды», - деді спикер.