11.08.2022 _ 09:01

Қазақстаннан Ресейге 100 кг қара уылдырықты контрабандалық жолмен әкетудің жолы кесілді

2022 жылғы 6 тамызда Батыс Қазақстан облысы «Сырым» автокөліктік өткізу пунктінде Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына бағыт алған екі жүк көлігіне шекаралық бақылау жүргізу кезінде тексеру іс-шараларынан жүзім арасына жасырылған 8 термо қорапша анықталды.

Тексеру барысында жедел-тергеу тобы  100 келіге жуық «қара уылдырық» салынған шыны ыдыстарды тапты.

Анықталған жүк құзыреті бойынша ҚР ІІМ полиция бөлімшелеріне берілді.