18.08.2022 _ 10:13

«Мерейлі отбасы-2022» ұлттық конкурсының өңірлік кезеңі аяқталды

Әр өңірден, оның ішінде жаңадан құрылған Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан 20 жеңімпаз отбасы анықталды. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметіне сәйкес, ұлттық конкурсқа қатысқан 2 542 отбасының 932-сі қалада, 1 610-ы аудан және ауылда тұрады.

Сонымен қатар 1 166 отбасы көпбалалы болса, 501-і ерлі-зайыптылардың ішінде жасы 29-ға толмаған екі жұп бар. Еңбек әулеттері, спортшылар, мұғалімдер, кәсіпкерлер, т.б. отбасылар биылғы байқауда бақ сынады.

Тамыз айының соңында «Хабар» телеарнасында жеңімпаз отбасылар туралы бағдарламалар топтамасы шығады.
Сондай-ақ «Мерейлі отбасы-2022» ұлттық конкурсының лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімінің өтетін күні мен уақыты туралы қосымша ақпарат жарияланады.