19.08.2022 _ 11:11

ҚР ҚМА: ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру фактісі бойынша қаржы пирамидасының екі ұйымдастырушысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады

Салымшыларды тарту схемасы жалған саяхатшының картасы шотына 2000 АҚШ долларын салуды және оның орнына 6900 АҚШ долларын алуды қамтыды. Бұл ақша шетелдік қонақүйлердегі қызмет құнының 80% төлеуге жұмсалуы туралы жағлан ақпарат тараған.

Ақша болмаса, 5 смарт-сағат сатып алуға онлайн несие беру ұсынылды. Салымшылар смарт сағаты алмаған, орнына «Qnet Mobile» қосымшасындағы жалған шотқа «Экардтар» түсіп отырған. Оларды жолаушы картасын сатып алғанда пайдалануға болады.
Ұйымдастырушылар 8,5 миллион теңге көлеміндегі қылмыстық кірістің бір бөлігін қазақстандық банктердің біріндегі депозиттік шоттарға салып, депозит бойынша сыйақы түрінде қосымша табыс алған.
Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
ҚР КПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне қатысты өзге де мәліметтер жария етілмейді.