«Қазіргі азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерінің шиеленісуі және тамақ өнімдері бағасының өсуі аясында бүкіл әлемде заманауи су үнемдеу технологиялары қолданылатын ауыл шаруашылығы жобаларын дамытуға баса назар аудару керек. Мұндай жобаларды басқа өңірлерде де қолға алу қажет деп санаймын. Мемлекеттік қолдау арқасында бұл үлкен әлеуметтік және экономикалық нәтиже бермек, — деді Премьер-Министр.
Осы жерде Әлихан Смайылов өңірдегі ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен кездесу өткізді, онда тұқым өсіру шаруашылығын субсидиялау, ауыл шаруашылығы техникасы мен минералдық тыңайтқыштарды сатып алу, мал шаруашылығын дамыту және құс шаруашылығын қолдау мәселелері көтерілді.
Әлихан Смайылов зауыттың облыс экономикасына айтарлықтай үлес қосып, өзінің әлеуметтік міндеттеріне жауапкершілікпен қарайтынын айтты. Сонымен қатар Премьер-Министр өндіріс қарқынын және экспортқа бағдарлануды сақтап, жаңа өткізу нарықтарына шығу қажеттігін айтты.
Кәсіпорында Әлихан Смайылов ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының басшыларымен, оның ішінде «Еуразиялық Топ» ЖШС, «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ, «Қазхром» трансұлттық компаниясы» АҚ басшыларымен кездесті.
Премьер-Министр ірі кәсіпорындармен бірлесіп, Павлодар қаласының айналасында «Жасыл белдеу» құру мәселесін пысықтау қажет екенін, бұның қаланың экологиясын едәуір жақсартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Шығарындыларды азайту және өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу – облыс тұрғындары үшін бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі, сондықтан бізге осы бағытта елеулі нәтижелер қажет. Ірі кәсіпорындар алдыңғы қатарлы экологиялық таза және қол жетімді технологияларға көшуі керек. Тау-кен металлургия және энергетикалық өнеркәсіп кәсіпорындары өндіріс қалдықтарын азайту, қайта өңдеу және қайта пайдалану жөніндегі стратегияны әзірлеуі қажет», — деді Әлихан Смайылов.
Облыс әкімдігіне Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен және кәсіпорындармен бірлесіп, шығарындыларды азайту мен өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеудің заманауи технологияларын қолдану бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу тапсырылды.
«Біз отандық құрылыс материалдарын өндірушілердің белсенділігін қолдаймыз. Мұндай кәсіпорындар бізге құрылыс шығындарын едәуір азайтуға және әлемдік бағалардың ауытқуына тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді», — деп түйіндеді Премьер-Министр.