23.08.2022 _ 08:17

ҚР Қауіпсіздік Кеңесі құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі тағайындалды

Азамат Дүйсембеков ҚР Қауіпсіздік Кеңесі құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Азамат Нұрланұлы Дүйсембеков Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды;

Амангелді Оразалыұлы Омарбеков Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды.