23.08.2022 _ 08:41

Жетісайда бір мектептің 63 түлегі грантқа түсті

Түркістан облысындағы Жетісай ауданында орын тепкен Б.Момышұлы мектебін бітірген 63 түлек түгелдей мемлекеттік грантқа ие болды.

Жетісай ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Б.Момышұлы мектеп гимназиясының оқушылары биылғы 2021-2022 оқу жылын сәтті аяқтады. Мектепті бітіруші бес сыныптың 63 оқушысы түгелімен мемлекеттік гранттың иегері атанды.

Сондай-ақ олардың 30-ы Алтын белгіге, 21-і үздік аттестатқа ие болды. Айта кетейік, мектеп-гимназияның орташа балы 105% құраған. Сондай-ақ, аталған білім ордасынан соңғы 7 жылда 299 алтын белгі, 125 қызыл аттестат иегерлері шыққан.