Оның айтуынша, асып кету фактілері бойынша аталған зауыттарға жоспардан тыс тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша кәсіпорын 6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Қаланың экологиялық жағдайын жақсарту үшін Жол картасы бекітілді, оған 40 іс-шара кірді. Атап айтқанда, Атырау мұнай өңдеу зауыты «Сасық сай» булану алаңдарын рекультивациялауды бастады. Жұмыстарды аяқтау 2023 жылдың қараша айына жоспарланып отыр. Қаланың сол жағалауындағы канализациялық тазарту құрылғысының құрылысы аяқталды, биыл олар пайдалануға беріледі. Атырау қаласының оң жағалауындағы кәріз-тазарту құрылыстарының 90%-ға тозуы шешілмеген проблема болып табылады, оларды қайта жаңартуды 2023 жылы аяқтау жоспарланып отыр. 2024 жылы «Квадрат» булану алаңын тазарту аяқталады. NCOC компаниясы 2022 жылдың соңына дейін «Астрахань-Маңғышлақ» суағарынан суды тұтынуды 70%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік беретін және қайта су пайдалануды ұлғайтатын жаңа тазарту құрылыстарын салу жұмысын бітіреді. Қаланың шекті рұқсат етілген заттардың жиынтық томы әзірленді. Жасыл желектерді көбейту үшін кәсіпорындардың күшімен 10 мыңнан астам ағаш отырғызылды. 3,5 мың гектардан астам жерге жасыл желек отырғызу көзделген», - деді спикер.