23.08.2022 _ 12:30

Экологиялық кодекске сәйкес 2025 жылдан бастап өнеркәсіптегі ең озық қолжетімді технологияларға көшу көзделген

Елдегі экологиялық ахуалды жақсартудың пәрменді тетіктерінің бірі өнеркәсіпте ең озық қолжетімді технологияларды енгізу болып табылады. Экологиялық кодекске сәйкес ең озық қолжетімді технологияларға көшу 2025 жылдан басталмақ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов мәлімдеді.
Экологиялық кодекске сәйкес 2025 жылдан бастап өнеркәсіптегі ең озық қолжетімді технологияларға көшу көзделген

«Осы механизмнің арқасында біз 10 жыл ішінде елдегі барлық шығарындылардың эмиссиясын шамамен 50%-ға төмендетуді болжап отырмыз. Әкімдіктер 2 және 3 санаттағы кәсіпорындар үшін осындай жұмыс жүргізуі тиіс. Бұдан басқа, Экологиялық кодексте 2023 жылға дейін кәсіпорындардың шығарындылар көздерінде деректерді комитетке бере отырып, мониторингтің автоматтандырылған жүйесін орнату көзделген. Бұл эмиссиялар көрсеткіштерін онлайн режимде қадағалауға, бұзушылықтарға уақытылы ден қоюға, халықты дұрыс және уақытылы ақпаратпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп түйіндеді спикер.