Ведомство өкілі атап өткендей, қазір қалада мектептердегі орын тапшылығын азайту шаралары жалғасуда. Бүгінде ол 19 611 орынды құрайды.
«Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде Қалқаман, Саялы және Томирис шағын аудандарында 5100 орынды 3 жаңа мектеп және №№191, 146, 125 мектептерде 875 орынды қосалқы ғимараттар ашылады», - деді А. Сайлаубай.
Қаладағы жалғыз үш ауысымды №196 мектептің мәселесі оқу жылының басында «Мәдениет» шағын ауданында жобалық қуаты 1500 оқушыға есептелген жаңа мектептің ашылуымен шешімін таппақ.
2022 жылдың соңына дейін 6000 орынды тағы 4 мектепті (Қалқаман-2, Қайрат, Дархан, Нұркент шағын аудандарында) пайдалануға беру жоспарлануда. Сондай-ақ №48 және 9 мектептердің қосалқы ғимараттары пайдалануға берілмек.
Қала әкімдігі 1 800 орынды мектептерді орналастыру үшін екі ғимарат сатып алады (Бостандық және Наурызбай аудандарында).
Сонымен қатар, оқу жылының басында жеке инвестициялар есебінен 3250 орынды 6 мектеп (Әуезов ауданында - 280 орынды «Достық» мектебі, Медеу ауданында - 200 орынды «Вундер академия» мектебі, Наурызбай ауданында - 590 орынды «Заман» мектебі, Түрксіб ауданында - 400 орындық Millennium мектебі ашылады, қалған 2 мектеп осы жылдың соңына дейін ашылады).
15 қалалық мектептің «Мектеп спорт алаңдарын модернизациялау» жобасын іске асыруға жергілікті бюджеттен 1 млрд теңге бөлінді, жұмысты оқу жылы басталғанға дейін аяқтау жоспарлануда.
Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарламалары және материалдарымен бөлісу кезінде ӨКҚ-ға сілтеме жасау міндетті.