23.08.2022 _ 14:10

Қаңтардағы оқиғаларды тергеуге бағыт-міндеттері басқаша, бірақ бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін барлық құқық қорғау органдары тартылған

Ішкі істер министрлігі өз құзыреті шегінде «қаңтардағы оқиғаларды» тергеуді жалғастыруда. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов осы оқиғаларға қатысы бар күдіктілерді әшкерелеуге, сондай-ақ ұрланған мүлік пен қарудың орналасқан жерін анықтауға көмектескен адамдарға алғыс білдірді.
Қаңтардағы оқиғаларды тергеуге бағыт-міндеттері басқаша, бірақ бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін барлық құқық қорғау органдары тартылған

Қаңтардағы оқиғаларды тергеуге бағыт-міндеттері басқаша, бірақ бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін барлық құқық қорғау органдары тартылған.

«Террористік актілер мен жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушыларды анықтаумен арнайы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу топтары айналысуда. Өкілеттіктерді асыра пайдалану туралы азаматтардың шағымдары бойынша тергеуді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы органның қызметкерлері, жекелеген жағдайларда арнайы прокурорлар жүргізуде. Ішкі істер органдарының тергеу-жедел топтары жаппай тәртіпсіздік аясында жасалған ұрлық, тонау, көлікті заңсыз айдап әкету, бұзақылық және қаруды ұрлау фактілерін тергеуде. Біздің ортақ міндетіміз – толық, объективті және жан-жақты тергеу жүргізу, азаматтарға бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге көмектесу, сондай-ақ алдағы уақытта осындай қайғылы оқиғаларға жол бермеу үшін қажетті және кешенді шаралар қабылдау»,  - деді спикер.