24.08.2022 _ 14:50

2020 жылдың соңынан бастап электрондық аудит жобасы іске қосылды

Дәстүрлі аудит процесін электрондық форматқа түрлендірудің негізгі артықшылықтары: іссапар, еңбек және уақыт шығындарын азайту. Аудитор мен аудит арасындағы тікелей байланысты жою жолымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қысқарту, сондай-ақ бір уақытта бірнеше аудит объектілері бойынша аудит жүргізу мүмкіндігі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ҚМ Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры Еркін Беркешев мәлім етті.

Электрондық аудит жобасы 2020  жылдың соңынан бастап іске қосылды. Бүгінгі күнге дейін 717 млрд теңгеден астам қамтумен шамамен 1 600 аудиторлық іс-шара жүргізілді. Бұзушылықтар сомасы 500 млрд теңгеден асты. 

«2021 жылы қашықтан жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың үлесі аудиторлық іс-шаралардың жалпы санынан 31% құрады. Бұдан басқа, «Тәуекелдерді басқару жүйесі» модулін атап өту қажет. Модуль аудитке жататын мемлекеттік объектілердің тізбесін анықтауға арналған. Бүгінгі күні модульде 64 тәуекел индикаторы енгізілді. Жалпы, Қаржы министрлігінің қызметін цифрландыру бюджетті атқарудың әрбір кезеңінде профилактикалық аудит жүргізуге мүмкіндік береді, бұл шығыстарды жоспарлау, кассалық атқару, бюджет пен қаржылық есептілікті қалыптастыру кезеңдері», - деді спикер.