24.08.2022 _ 15:10

ҚМ МКК: Декларацияны кеңседен немесе үйден шықпай-ақ ұсынуға болады

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Мемлекеттік кірістер комитетінде цифрландыру бойынша бірқатар шаралар іске асырылуда. Атап айтқанда, Бірыңғай терезе, АСТАНА-1 ақпараттық жүйелері, электрондық шот-фактуралар, Тәуекелдерді басқару жүйесі. Сондай-ақ халыққа және бизнеске арналған мобильдік қосымшалар әзірленді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ведомство төрағасының орынбасары Азамат Панбаев айтып берді.
ҚМ МКК: Декларацияны кеңседен немесе үйден шықпай-ақ ұсынуға болады

Кедендік экспорттық, импорттық операцияларды жеңілдету, оңтайландыру және импорт құжаттарын беруді автоматтандыру үшін бірыңғай терезе ақпараттық  жүйесі әзірленді.

 

«Елге қауіпсіз өнімді әкелу бойынша барлық уәкілетті органдардың электрондық рұқсат құжаттарын беру бір терезе қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Растайтын құжаттар мен мәліметтерді бірнеше рет ұсыну алынып тасталды. Қызмет алу уақыты 30 күннен 5 күнге дейін қысқартылды. Бүгінде жүйеде 6,3 мың пайдаланушы тіркелген. Жыл басынан бері 78 мыңнан астам сәйкестендіру сертификаты берілді, Денсаулық сақтау министрлігінің 1 045 құжаты әзірленді, мемлекеттік кірістер органдарының 529, Ауыл шаруашылығы министрлігінің 117 құжаты  осы жүйеде әзірленіп, берілді. «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі тауарларды әкелуден бастап шығаруға дейінгі барлық кедендік процестердің негізгі жүйесі. Бүгінде кедендік декларациялар 100% қашықтан, электронды түрде ұсынылады. 4,9 млн астам кедендік декларация, оның ішінде 4 млн астамы (82%) – 1 минут ішінде автоматты түрде шығарылды. Жүйе тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс істейді, декларацияны кеңседен немесе үйден шықпай-ақ ұсынуға болады», - деді Панбаев.