24.08.2022 _ 15:20

Электрондық шот-фактуралар жүйесінің «Ахуалдық орталығы» жүйесі әзірленуде

«Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі - қашықтан әкімшілендірудегі барынша тиімді құрал, онда шаруашылық жүргізуші субъектілердің барлық мәмілелер қадағаланады және олардың кірістерінің толық көрсетілуі бір мезгілде тексеріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ведомство төрағасының орынбасары Азамат Панбаев хабарлады.

Оның айтуынша, бастапқы бухгалтерлік құжаттарды электрондық түрде ресімдеу де енгізілді. Жүйе онлайн режимде 24/7 жұмыс істейді. 

«1 тамыздағы жағдай бойынша жүйені пайдаланушылар саны 824 мыңды құрады. 870 млн астам шот-фактура жазылды, тауарларға 46,5 млн ілеспе жүкқұжат ресімделді. Тауарларды қадағалау тізбегін және тауар балансын құру, контрагенттердің өзара байланысын құру, тәуекелдерді басқару жүйесінде онлайн режимінде тауарсыз мәмілелерді анықтау үшін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің «Ахуалдық орталығы» кіші жүйесі әзірленуде»,  - деді спикер.