25.08.2022 _ 08:34

ҚР Премьер-Министрі Қырғызстанда өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысады

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов 25-26 тамызда Қырғыз Республикасының Чолпон-Ата қаласында өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысады.

Сондай-ақ жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрінің Қырғызстан және Ресей үкіметтерінің басшыларымен екіжақты келіссөздері жоспарланған.