25.08.2022 _ 11:30

Тәуелділігі бар 107 мың адам есепке алынды. Оның ішінде 83%- ішімдікке, қалғаны есірткі және психотроптық заттарға тәуелді

Қазіргі уақытта нашақорлық диагнозымен динамикалық бақылауда тұрған адамдар саны жылдан жылға азайып келеді. Ведомстволық медициналық статистика психоактивті заттарды медициналық емес тұтыну ауқымының нақты көрінісін көрсетпейді, өйткені ол тек айналым бойынша ғана қалыптасады. Денсаулық сақтау жүйесінің міндеті - оған мұқтаж адамдарға, яғни ауруы бар пациенттерге медициналық көмек көрсету және елде есірткі тұтыну есебін жүргізу емес. Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР ДСМ Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Қуаныш Алтынбеков бұл жұмыс жайлы егжей-тегжейлі айтып берді.

Бірінші жартыжылдықтағы деректер бойынша, республикада психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалану салдарынан психикалық бұзылулар себебінен динамикалық бақылауда тұрған адамдар саны 107 000-нан асты, оның ішінде 83%- ішімдікке, 17% - есірткі және психотроптық заттарға тәуелді.  


«Бүгінгі күні халыққа наркологиялық көмек аудандық деңгейдегі 204 психикалық денсаулық кабинетінде және қалалық емханалар деңгейіндегі 83 психикалық денсаулық орталығында (көрсетіледі. Бұл орталықтарда құрамында психиатр-дәрігер (нарколог), психотерапевт, психолог, әлеуметтік қызметкер бар мультидисциплинарлық команда жұмыс істейді. Медициналық-әлеуметтік көмек, оның ішінде оңалту барлық өңірлерде, оның ішінде біздің орталықтың Павлодар қаласындағы филиалында жұмыс істейтін өңірлік психикалық денсаулық орталықтарында стационарлық деңгейде көрсетіледі. ПДО құрылымында тәулік бойы 3700-ден астам наркологиялық төсек-орын орналастырылған», - деді спикер.