25.08.2022 _ 12:00

Сарапшы: есірткіге тәуелділерді емдеу қиын – олардың жартысында рецидив болады. Профилактика қажет

Соңғы уақытта кәмелетке толмағандар арасында нашақорлықтың күрт өскені байқалады. Мұның себеп көп: жасөспірімдер мен жастардың есірткінің денсаулыққа, әлеуметтенуге зиянды әсері туралы хабардар болмауы; заңсыз синтетикалық құралдардың қолжетімділігі; сұраныс. Медицина ғылымдарының кандидаты, ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» басқарма төрағасының м.а. Жанар Қалмақова жасөспірімдер мен жастардың есірткіні пайдалануының алдын алу, болдырмау шаралары қажет деп есептейді. Оларды емдеу қиын болғандықтан, жартысында рецидив болады. Көмекке мұқтаж адамдар бар.

«Елімізде 10-24 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастарға медикопсихоәлеуметтік көмек көрсететін Жастар денсаулық орталықтарының желісі ашылды. Жастар есірткі заттарын ғана емес, темекі шегудің, алкогольді тұтынудың профилактикасы бойынша кеңес ала алады. Бүгінгі таңда облыстардың және Республикалық маңызы бар қалалардың Денсаулық сақтау басқармаларының деректері бойынша 182 Жастар денсаулық орталығы жұмыс істеп тұр. Онда жедел желі іске қосылған, есірткі заттарын, алкогольді немесе темекіні мезгіл-мезгіл қолдана бастаған жасөспірімдер мен жастарға тәулік бойы психологиялық қолдау көрсетіледі. Сондай-ақ жастар денсаулық орталықтарының психологтары мотивациялық кеңес береді, яғни әлі тәуелділігі жоқ жасөспірімдермен тренингтер өткізеді», - деп атап өтті сарапшы.