26.08.2022 _ 15:00

Адамдарға қауіп келтіретін өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзғаны үшін 582 объект тоқтатылды

Заңнама шеңберінде мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырудың ерекшелігі қауіпті өндірістік объектілер қызметінің қауіп туындауын болдырмау мақсатында инспекторлардың жедел ден қою шараларын қолдану мүмкіндігі болып табылады. ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нығмеджан Мақажановтың айтуынша, адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру қаупін тудыратын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзғаны үшін 582 объект тоқтатылды.

«Ескірген, моральдық және физикалық тозған жабдықты пайдаланудан біртіндеп шығару бөлігінде орын алған проблемаларды шешу мақсатында Қауіпті өндірістік объектіні техникалық қайта жарақтандырудың жиынтық жоспарына сәйкес технологиялық жабдықты ауыстыру жүргізіледі. Осы жылы 3 267 технологиялық жабдықты ауыстыру жоспарланған. Өңірлер бөлінісінде ауыстыруға жататын жабдықтардың негізгі саны Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарына келеді», - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметі алаңында. 


Ол бүгінгі күні жаңа реттеушілік саясат қағидаттарын іске асыру мақсатында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы барлық нормативтік құқықтық актілерді қайта қарау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.  


Бұдан басқа, қауіпті өндірістік объектілердегі аварияларды тергеп-тексеру бақылау нысандарының біріне жатқызылған, осыған байланысты тергеп-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу кезінде Кәсіпкерлік кодекстің ережелері қолданылатын болады. Қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бөлігінде қауіпті өндірістік объектілердегі қауіптілік деңгейін төмендету мақсатында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өзекті проблемаларды шешу жөніндегі пайымды қамтитын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Тұжырымдама жобасының шеңберінде түзетулер пысықталуда. Жалпы, жүргізіліп жатқан жұмыс қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз етуге, өндірістік объектілердегі қауіптілік деңгейін төмендетуге бағытталған қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету инфрақұрылымын дамыту үшін құқықтық және ұйымдастырушылық жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.