27.08.2022 _ 11:45

Кадрлық құрамды тексерумен пациенттерді қолдау қызметтерін жетілдіру - Денсаулық сақтау министрлігінің қызмет көрсету сапасын арттыру және халықтан түсетін шағымдарды азайту жөніндегі шараларының бірі

Денсаулық сақтау министрлігі сапаны арттыруға және халықтың шағымдарын азайтуға бағытталған шаралар кешенін іске асыратын болады. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев ОКҚ алаңында мәлім етті.

«Министрліктің алқа отырысында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына индикаторларға қол жеткізуге баса назар аудара отырып, мониторингке көзқарасты өзгерту және мұны медициналық қызметтерді жеткізушілердің шарттық міндеттемелерінде қарастыру тапсырылды. Өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларына пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін процестерді стандарттау мақсатында аккредиттелген ұйымдардың үлесін арттыру бойынша шаралар қабылдау; кадрлық құрамды тексерумен пациенттерді қолдау қызметтерін жетілдіру тапсырылды; олардың жұмысын шағымдарды төмендетуге қайта бағыттау және халықпен кері байланысты қамтамасыз ету, медициналық ұйымдар басшыларының халық алдында есеп беру кездесулерін өткізу, проблемалық мәселелерді шешу туралы хабардар ету. Денсаулық сақтау министрлігі тұрақты негізде халықтан түсетін шағымдар саны бойынша өңірлерді саралау жүргізетін болады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, денсаулық сақтау министрлігі «ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық жобасын әзірлеуде. Пилоттық жобаның мақсаты қалалық және ауылдық денсаулық сақтау арасындағы теңгерімсіздікті қысқарту болып табылады», - деп атап өтті спикер. 


ДСМ өкілінің айтуынша, бұл шаралар денсаулық сақтау деңгейін сапалы деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.