27.08.2022 _ 15:00

Жаңа оқу жылында студенттер дәстүрлі форматта оқитын болады

Жаңа оқу жылында студенттер, оның ішінде шетелдік студенттер дайындықтың барлық бағыттары бойынша дәстүрлі форматта оқитын болады. Бүгінгі күні жоғары оқу орындары жаңа оқу жылына академиялық процеске дайындықты қамтамасыз ету бойынша жұмыстар аяқталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында оқу-ағарту ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұловтың хабарлады.

Сондай-ақ жоғары оқу орындары Мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру стандартындағы жаңалықтарды ескере отырып, білім беру бағдарламаларын өзектендіру бойынша жұмыс жүргізуде.

«Жоғары оқу орындарында 1 курс студенттерін қабылдау аяқталуда, олардың әлеуметтік бейімделуі үшін жағдай жасалды. Бүгінгі таңда оқу процесін офлайн форматта бастауға барлық оқу жабдықтары дайын, тексеруден өтті. Қажет болған жағдайда жоғары оқу орындары академиялық саясатқа және жаңа оқу жылында білім беру процесін ұйымдастыру форматына өзгерістер енгізу мүмкіндігін қарайтын болады», - деді спикер.