29.08.2022 _ 11:44

Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президентіне жойқын су тасқынына байланысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістандағы адамдардың қазасы мен көпшіліктің зардап шегуіне әкелген жойқын су тасқыны туралы хабарды қатты қайғыра қабылдағанын жеткізді.
Фото взято с fototelegraf.ru

Мемлекет басшысы жеделхатта Пәкістан Президенті Ариф Альвиге және жақындарынан айырылған отбасыларына көңіл айтып, қайғысына ортақтасып, осы қиын кезеңде Пәкістан халқы мен үкіметімен бірге екенін білдірді.