31.08.2022 _ 08:36

ҚР Президенттік оркестрі халықаралық фестивальге қатысу үшін Түркияға келді

Түрік Бурсасына әскери оркестрлердің II Халықаралық фестиваліне қатысу үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Президенттік оркестрінің үрмелі оркестрі келді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат"ХАА меншікті тілшісі.
ҚР Президенттік оркестрі халықаралық фестивальге қатысу үшін Түркияға келді

Қазақстандық музыканттар фестивальге ТҮРКСОЙ Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымының арнайы шақыруымен қатысуда.

Қазақстандық оркестр "Қазақ елі", "Қазақ вальсі", "Азия дауысы", "Салтанат шеруі", "Сүгірдің термесі" және "Қазақ сувенирі"сияқты танымал композиторлардың шығармаларын орындайды.

Сондай-ақ, халықаралық аренада "Ұлы дала" Президенттік оркестрінің жетекші музыканттары Жандос Мұхтаровтың және "Наурыз" Талғат Бердіғұловтың шығармалары орындалады.

Қазақстанның Президенттік үрмелі оркестрін дирижер, Қазақ ұлттық өнер университетінің түлегі, өнертану ғылымдарының магистрі Құрмет Бейсембаев басқарады.

AMP