31.08.2022 _ 10:41

Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Өмірзақ Естайұлы Шөкеев Түркістан облысының әкімі лауазымынан босатылды. Президент аймақ басшысы қызметіндегі көп жылғы жұмысы үшін алғыс айтты.

Д.А. Сатыбалды туралы

2022 жылғы 31 тамыз

Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылсын.

 

Қазақстан Республикасының

           Президенті                                                       Қ.Тоқаев

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 31 тамыз

                     № 992