31.08.2022 _ 11:10

Биыл мәдениет және спорт саласындағы оқу орындарына жалпы 2365 грант бөлінді

Бүгінгі таңда елімізде ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты 4 жоғары оқу орны, 4 техникалық және кәсіби білім беру мекемесі, сондай-ақ 2 республикалық мектеп интернаты жұмыс атқарады. 2022 жылы министрлікке қарасты жоғары оқу орындарында 10 мыңға жуық жастар білім алуда, оның ішінде 5 мыңнан астамы ЖОО студенті. Орталық коммуникациялар қызметі ҚР МСМ Мәдениет комитетінің төрайымы Роза Кәрібжанова осындай көрсеткіштерді атап өтті.

Оның айтуынша, биыл мәдениет және спорт саласындағы оқу орындарына жалпы 2365 грант бөлінді. Оның ішінде 800-і шығармашылық оқу орындарына, магистратураға - 152, докторантураға - 23. Сондай-ақ, жоғары оқу орындарының колледждеріне – 200 грант, колледждерге – 300 грант. Мәдениет саласына қарасты оқу орындары жаңа оқу жылын бастауға дайын. 


«Аталмыш оқу орындары ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қарамағына 2014 жылы берілгенін атап өту қажет. Бұл осы оқу орындарының дамуына серпін берді. Бүгінде оқу орындары мен мәдениет саласындағы ұйымдар арасында өзара қарым-қатынас орнатылды. «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры, «Астана Балет» театры, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі және т.б. ірі мәдениет ұйымдарымен ынтымақтастық орната отырып, студенттердің практикадан өтуіне және жыл сайын шамамен 90% түлектерді жоғары жұмыспен қамтуға әсерін тигізуде. Өнер бағытындағы жоғары оқу орындар ел мәдениетінің даму үрдістерін қалыптастыратын ғылыми, шығармашылық және ағартушылық орталықтарға айналды. Әр оқу орнының өзіндік даму стратегиясы белгіленді. 800 астам студент оқып жүріп халықаралық, республикалық конкурстардың лауреаты атануда», - деді спикер.