31.08.2022 _ 11:20

Ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының орташа жалақысы 75% ұлғайды

Мемлекет тарапынан мәдениет саласын дамытуға, cоның ішінде оның қызметкерлері үшін қолайлы жағдайлар жасауға көп көңіл бөлінуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі ҚР МСМ Мәдениет комитетінің төрайымы Роза Кәрібжанова мәлімдеді. ҚР Үкіметінің қаулысымен Мәдениет және спорт министрлігіне ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының және басшы қызметкерлерінің орташа жалақысы 75% ұлғайды.

«Қазір 13-тен 16 жылға дейін еңбек өтілі бар профессор 267 мың теңге алса, 3,5 арттыру коэффициенті қолданылғанда ол 435 мың теңге алады, осындай еңбек өтілі бар доцент 243 мың теңге алса, оның еңбекақысы 340 мың теңгеге дейін өсті, оқытушы 210 мың теңге алса, 3,5 арттыру коэффициентімен 350 мың теңге алатын болады», - деді спикер.


Аталмыш енгізілген жағымды өзгерістер мәдениет саласының одан әрі өркендеуіне өз септігін тигізе отырып, өнер шыңында жаңа жетістіктерге жетуде мұрындық болады.