31.08.2022 _ 12:00

Былтыр 38 студент халықаралық конкурстардың лауреаты атанды - Арман Жүдебаев

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториядағы жоғары кәсіби білікті - Қазақстан халық және еңбек сіңірген артистері, профессорлары мен доценттері еліміздің музыкалық рухани құндылықтарының іргеленуімен өркендеуіне әрдайым зор үлесін қосып келеді. Олар ғылыми-практикалық конференциялар мен шығармашылық жобаларға қатысу және біліктілікті арттыру курстарында оқу арқылы өздерінің кәсіби шеберліктерін үнемі арттырып отырады. Бұрын оқытушылардың орташа жалақысы шамамен 235 мың теңгені құраса, қазір орта есеппен айлықтары 383 мың теңгеге жетті. Ұстаздар жаңа оқу жылы қарсаңындағы қайта есептеу кезінде орта есеппен 1 млн теңгеден алды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ЖОО ректоры Арман Жүдебаев мәлімдеді.

«2022 жылы консерваторияның 227 ұстазы еліміздің және шетелдің жетекші шығармашылық жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдары базасында өз салаларымен оқытылатын пәндері бойынша біліктілігін арттырды. Профессор-оқытушылық ұжымның тындырымды да жемісті жұмысының нәтижесін, біздің студенттердің халықаралық және республикалық конкурстардағы жеңістерінен байқауға болады. Өткен оқу жылында ғана 38 консерватория студенті талантты орындаушылықтарымен халықаралық конкурстардың лауреаты атанса, республикалық деңгейде 119 адам жүлделі орынға ие болды.
Консерватория білім сапасының еуропалық деңгейге сәйкестігі, жоғары оқу орнының  2022 жылғы өткен халықаралық аккредиттеу агенттігі және рейтингі тарапынан ЖОО-ның институционалдық қайта аккредиттелуімен сипатталады. Бұл, Брюссельде орналасқан «Мьюзик» халықаралық аккредиттеу агенттігінің штаб-пәтерінің қолданыстағы білім беру бағдарламалары мен біздің ЖОО-ның Эрасмус+ бағдарламасына тұрақты да толыққанды қатысушы және әріптес ретіндегі байланысымыз бойынша консерваториялық білімнің жоғары еуропалық деңгейге сәйкес келетіні танылды. 2022 жылдың наурыз айында Құрманғазы атындағы ҚҰК консерватория оқытушылары Эрасмус+ академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Испанияның Виго қаласында шеберлік сыныптарымен және концерттерімен қатысты. Ал студенттеріміз бұл жобаға жыл сайын тұрақты қатысады», - деді спикер.


Айта кетейік, консерватория 2021 жылы алғашқы рет «Классикалық гитара», ал биыл «Арт-менеджмент» мамандығы бойынша магистратура білім беру бағдарламасына оқуға қабылдады. 2023 жылы «Музыкалық театр режиссурасы» білім беру бағдарламасын ашу жоспарлануда.