01.09.2022 _ 09:31

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын Президенттің ресми сайтынан тікелей эфирде көруге болады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын Президенттің www.akorda.kz ресми сайтынан және Facebook желісіндегі Akorda парақшасынан тікелей эфирде көруге болады.

Ал біздің телеграм-каналымыз мәтіндерді жедел ұсынып отырады.

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды.

Санаулы минуттардан кейін Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталады. Жолдауға ресми тұлғалармен қатар азаматтық қоғам өкілдері де қатысады.