01.09.2022 _ 10:11

Қ. Тоқаев: 2023 жылы жаңа Салық кодексі дайындалады

2023 жылы жаңа Салық кодексі дайындалады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауы кезінде мәлімдеді.

"Үшінші. Орнықты экономикалық өсу түсінікті, болжамды салық саясатына тікелей байланысты. Фискалдық реттеуді қайта жүктеу мақсатында 2023 жылы жаңа Салық кодексі дайындалатын болады. Оның ең проблемалық блогы – салықтық басқару – толығымен жаңартылуы керек. Сондай-ақ, кез келген бетпе-бет өзара іс-қимылды болдырмай, салықтық бақылауды толық цифрландыруды қамтамасыз ету міндеті тұр".

"Өркениетті сауданы дамыту үшін барабар мөлшерлемелермен және қарапайым рәсімдермен бөлшек салықты қолдануды кеңейту қажет. Салық реформасы аясында "сән-салтанат салығын" енгізу мүмкіндігін қарастыру маңызды. Ол қымбат жылжымайтын мүлік, көлік құралдарын сатып алған кезде алынады және орта тапқа әсер етпейді".