01.09.2022 _ 10:20

Президент кәдеге жарату алымының мөлшерлемесін анықтады

Президент кәдеге жарату және бастапқы тіркеу үшін 200-250 мың теңгеден аспайтын мөлшерде бірыңғай алымды бір реттік тәртіппен қолдануды ұсынды. Бұл жаңалықты Қ.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

"Алдағы уақытта көліктерді заңсыз әкелудің барлық арналарын жабу үшін батыл шаралар қабылдау қажет. Бұл ретте ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген осындай автомобильдермен ахуалды реттеу қажет. Оларды жария ету үшін кәдеге жарату және бастапқы тіркеу үшін 200-250 мың теңгеден аспайтын мөлшерде бірыңғай алымды біржолғы тәртіппен қолдануды ұсынамын. Бұл шара іздестірілмеген және кедендік "тазартудан" өткен автомобильдерге қатысты болуы тиіс.