02.09.2022 _ 09:27

Трансшекаралық хабтарды дамыту жұмыс тобының отырысында талқыланды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы Серік Жұманғариннің төрағалығымен трансшекаралық хабтарды дамыту жөніндегі жедел жұмыс тобының үшінші отырысы өтті. Талқылауға орталық мемлекеттік органдардың, Түркістан және Жамбыл облыстары әкімдіктерінің, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ,  «QazTrade» ССДО» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдері қатысты.

Отырыста үш мәселе қаралды:

- Индустриялық сауда-логистикалық кешенінің (ИСЛК) жобасын іске асыру (Қазақстан-Қырғыз шекарасында), сондай-ақ, оны «Қарасу» автожол өткізу пунктімен реконструкциялау/салу және жаңғырту жобасымен интеграциялау;

- «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының (Қазақстан-Өзбекстан шекарасында) жобасын іске асыру, сондай-ақ, «Дарбаза-Мақтарал»  теміржолы және «Сарыағаш қаласының айналма жолы» автомобиль жолдары құрылысының жобаларымен интеграциялау.

- Трансшекаралық хабтарды дамытудың 2025 жылдарға арналған бірыңғай стратегиясын әзірлеу.

ИСЛК және ХӨКО іске асыру жобаларының егжей-тегжейін жан-жақты талқылау үшін барлық мүдделі қатысушылармен қыркүйекте Премьер-Министр орынбасарының міндетін атқарушы Серік Жұманғариннің қатысуымен көшпелі кеңестер өткізу туралы шешім қабылданды.