05.09.2022 _ 10:34

Қостанай облысында орман өртіне байланысты жедел желі ашылды

Қостанай облысындағы табиғи өртке байланысты көмекке мұқтаж халық ТЖД жедел желі телефонына хабарласа алады.

Жергілікті атқарушы органдар Көшірілгендерді тамақпен қамтамасыз ете отырып, Әулиекөл орта мектебі мен Әулиекөл мектеп-интернатына орналастыруды ұйымдастырды. ТЖМ және ТЖД психологтарының жұмысы ұйымдастырылды 8 717 2 53 32 84, 8 714 2 50 36 24. Сондай-ақ, көмекке мұқтаж халық 112 және 101 телефондары арқылы хабарласа алады», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Қостанай облысының әкімдігі жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайды жариялау мәселесін пысықтауда.

«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 58-бабына сәйкес азаматтардың табиғи сипаттағы төтенше жағдай нәтижесінде келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеуге құқығы бар», - делінген хабарламада.