05.09.2022 _ 11:10

Биыл 8 айда 3,53 млн тонна дизель отыны өндірілді – Б.Ақшолақов

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов ішкі нарықты мұнай өнімдерінің қажетті көлемімен қамтамасыз ету үшін қабылданған шаралар туралы айтып берді.

Оның айтуынша, мұнай өңдеу көлемі мен ЖЖМ өндірісі ұлғайтылды.

«Мұнай өнімдерін өндірудің 2022 жылға арналған болжамы 13,72 млн тонна, бұл 2021 жылға қарағанда 1 млн тоннаға артық. Осы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша дизель отынын өндіру 3,53 млн тоннаны құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 259 мың тоннаға немесе 10,5%-ға артық», - деді ведомство басшысы.