05.09.2022 _ 11:20

Дизель отынын өндіру динамикасы артып келеді

2020 жылды қоспағанда, дизель отынын өндіру жылдан жылға қарқынды өсуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді.

«Ішкі нарықты мұнай өнімдерінің қажетті көлемімен қамтамасыз ету мақсатында мұнай өңдеу көлемі және жанар-жағармай өндірісі ұлғайтылды – дизель отыны өндірісінің 2022 жылға арналған болжамы 5,2 млн тоннаны құрайды, бұл 2021 жылға қарағанда 300 мың тоннадан астам және 2020 жылға қарағанда 640 мың тоннаға артық. Ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша дизель отынын өндіру 3,53 млн тоннаны құрады, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 259 мың тоннаға артық. Сондай-ақ дизель отыны экспортының жалғасып отырған шектеуін ескере отырып, ПМХЗ-да жөндеу басталғанға дейін 2021 жылғы 1 маусымдағы 233 мың тоннамен салыстырғанда 1 маусымға 402 мың тонна көлемінде елеулі қор қалыптастырылды. 2021 жылғы қыркүйекте автожанар-жағармай станцияларында еркін саудада шектеулер байқалған кезде мұнай базаларындағы қалдықтар 113 мың тоннаны, жиынтық қалдықтар 219 мың тоннаны құрады», - деді министр.


Ведомство басшысы жоспарланатын өндірісті ескере отырып, 2022 жылдың қыркүйек айының соңында мұнай базаларындағы қалдықтар 153 мың тонна, жиынтық көлемі 275 мың тонна деңгейінде болжанып отырғанын айтты.