05.09.2022 _ 12:00

Бензин бойынша қажеттілікті толығымен жауып отырмыз - М.Мырзағалиев

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ішкі жанар-жағармай нарығындағы жағдайға байланысты мұнай өңдеу зауыттарының қызметі жайлы ақпарат ұсынды. Модернизациядан кейін «ҚазМұнайГаз» тобындағы үш мұнай өңдеу зауытының ортақ қуаты 3 млн тоннаға артып, жылына 17,2 млн тоннаға жетті.

 
«Нақтырақ айтатын болсақ, бензин өндіру қуаты 70%, яғни 2,9 млн тоннадан 5,1 млн тоннаға дейін, дизель отыны 30%, 4 млн тоннадан 5,2 млн тоннаға дейін артты. Ал авиаотын өндіру қуаты 2 еседен астам, 0,3 млн тоннадан 0,67 млн тоннаға дейін өсті.

Айта кетейік, бензин бойынша біз Қазақстан Республикасының қажеттілігін толығымен жауып отырмыз. Ал дизель отынын тұтыну 30% айтарлықтай өскені байқалады. Бұған ең алдымен көрші елдерге кетіп жатқан «көлеңкелі экспорт» себеп болып отыр. Жағдайды тұрақтандыру үшін «ҚазМұнайГаз» бірқатар шұғыл шаралар қабылдады. Атап айтқанда, Шымкент және Атырау мұнай өңдеу зауыттарындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарын ауыстыру туралы шешім қабылданды, бұл нарықты қосымша 150  мың тоннаға дейін дизель отынымен қамтамасыз етеді. Ал ҚТЖ қажеттілігін жабу үшін 100 мың тоннаға дейін дизель отыны Ресейге импортталады», - деді басқарма төрағасы.