Жармеңкеге еліміздің қатысуын Қазақстанның Страсбургтағы Бас консулдығы Франциядағы ҚР Елшілігі мен Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдаумен ұйымдастырды.
Жәрмеңкенің ашылу салтанатына Жұмыспен қамту және әлеуметтік құқықтар жөніндегі Еуропалық комиссары Николя Шмит, Франция сенаторы және Орталық Азиямен парламентаралық достық тобының вице-президенті Андрэ Рейшард, Эльзас аймақтық кеңесінің депутаты Паскаль Пфайфер және Францияның Үлкен Шығыс өңірінің бірқатар қалалар мен департаменттердің мәрлері қатысты.
Кездесулер барысында Страсбургтағы ҚР Бас консулы Әнуарбек Ахметов мәртебелі қонақтарды Қазақстан Президенті Жолдауының негізгі элементтерімен, алға қойылған бастамалары мен жүргізіліп жатқан реформаларымен таныстырды.
«Мен бұрын Алматыға барып, жылы әсер алдым. Ұлттық қорынан түскен қаржының балаларға жыл сайын бөліп, сосын олардың оқуға, баспана алуға жұмсау үшін бастамасы айқынды деп есептеймін. Қазіргі жағдайда әйелдердің зейнет жасын белгілеу де сұранысқа ие, бұл батыл әлеуметтік шешемі», - деді Н. Шмит.
«Мен Қазақстан Президентінің алдағы сайлауда жеңіске жетуіне тілектеспін. Біз достас Қазақстанды және Президентімен белгілеген саяси бағытты, әсіресе, қаңтар оқиғасынан кейін қолдаймыз», - деді А. Рейшард.
«Біз сіздердің әсем еліңізді күннен-күнге ашып жатырмыз және Қазақстан мен Эльзас арасындағы барлық саладағы ынтымақтастықты арттыру үшін бар күш-жігерімізді салуға дайынбыз. Ел басшылығына жоспарланған демократиялық реформаларды жүзеге асыруда сәттілік тілейміз», - айтты П. Пфайфер.
Жәрмеңкеге келген Маңғыстау облысының Туризм басқармасы мен Алматы қаласының туристік компаниялары өз өңірлерінің де, жалпы еліміздің туристік әлеуеті мен бизнесін кеңінен таныстырды. Ұлттық киіз үйдің экспозициясы, фото және бейнематериалдар көрсетілген Қазақстан туралы арнайы стенд ұсынылды. Қонақтар ұлттық тағамдардан да дәм татты. Көрмеде қатысушыларға көрнекті материалын ұсынылған астаналық және Түркістан облысының туристік және инвестициялық әлеуеті көрсетілді.
Страсбургтағы Еуропа жәрмеңкесі биыл өзінің 90 жылдығын тойлайды және жыл сайын Еуропаның 200 мыңнан астам қонақтарын тартады. Жәрмеңке Францияның Үлкен Шығыс аймағының негізгі коммерциялық оқиғасы болып саналады және өзінің мерекелік атмосферасымен ерекшеленеді.